«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ  ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ  №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»    КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

СоцСети


«    Маусым 2022    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының президенті

 

Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 ж. 17 мамыр  айында дүниеге келді.    Қазақтың  мемлекеттік қайраткері, кеңестік және қазақстандық саясаткер, 2019 жылғы 20 наурыздан бастап 2019 жылғы 9 маусымға дейін белгіленген мерзімінен бұрын сайлауға дейін Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті.

 2013 жылғы 16 қазаннан 2019 жылғы 20 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы. 2011 жылғы 12 наурыздан 2013 жылғы 16 қазанға дейін  Женевадағы БҰҰ-ы кеңсесінің бас директоры. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (1999 ж. Қазан - 2002 ж. Қаңтар). Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (1994-1999, қаңтар 2002 - қаңтар 2007). Төтенше және өкілетті елші. Саясаттану ғылымдарының докторы. Полиглот.

Оның әкесі Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986), Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болған. Анасы, Тұрар Шабарбаева (1931-2000), Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген. Әкесі Кемел Тоқаев ақсақал ұлы жүз Жалайыр тайпасының Күшік руынан шыққан.

1970 жылы Қ-Ж. Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсті. 5-курста КСРО-ның ҚХР-дағы Елшілігіне диплом алдындағы жартыжылдық машықтамаға жіберілді.

1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірісіп, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданды. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына қайта оралып, 1983 жылы Пекин лингвистикалық институтындағы 10 айлық тіл курстарына қатысу үшін Қытай Халықтық Республикасына аттанды. 

1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды. Одан кейін Пекиндегі кеңестік елшілікке жолданып, онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарын атқарды. 1991 жылы Мәскеудегі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының дипломатиялық басшы кадрлардың біліктілігін арттыру курстарына түсті. 

1992 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және 1994 жылы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1999 жылдың наурыз айында Премьер-министрдің орынбасары болды. 1999 жылдың қазан айында Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2002 жылдың қаңтарында отставкаға кетіп, кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2007 жылдың қаңтарына дейін Сыртқы істер министрі ретінде жұмыс істеп, кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды. 

Сыртқы істер министрі лауазымында Қ-Ж. Тоқаев, тұтастай алғанда, 10 жыл еңбек етті (1994-1999, 2002-2007).

Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың 1995 және 2005 жылдардағы шолу конференцияларына қатысқан. Ол 1996 жылы Нью-Йоркте Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ), ал 2005 жылы Семейде – Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа (ОАЯҚААШ) қол қойды.

2003 жылы теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ дамушы елдер министрлерінің Халықаралық конференциясына төрағалық етті. Конференцияда Алматы іс-қимылдар бағдарламасы әзірленді және теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ дамушы елдердің Алматы декларациясы қабылданды. 

2001 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының қазіргі заманғы халықаралық проблемалар институтында «Жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» тақырыбы бойынша саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады (23.00.04 мамандығы - халықаралық қатынастардың саяси мәселелері, жаһандық және аймақтық даму ).

2008 жылы Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы ретінде ол ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. 

2011 жылғы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Тоқаевты Бас хатшының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы Бөлімшесінің Бас Директоры және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Қарусыздандыру жөніндегі конференциядағы жеке өкілі етіп тағайындау туралы шешімін жария етті. Сонымен қатар, ол Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын иеленеді. Ол БҰҰ-ның Швейцариядағы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлға болып табылады. 2013 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы болып сайланды. 13 жыл бойы ол Қазақстанның үстел теннисі федерациясының президенті болды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев - саяси ғылымдар докторы. Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша тоғыз кітап пен бірқатар мақалалардың авторы. Ол Бүкіәлемдік гуманитарлық және жаратылыс ғылымдары академиясының мүшесі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясы «Даналар» кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, Шэньчжэнь университетінің құрметті профессоры (ҚХР), Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және докторы әрі оның Қамқорлық кеңесінің мүшесі, Халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстан кеңесінің Құрметті президенті. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы, Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің Құрметті деканы. Ол ҚР СІМ Нәзір Төреқұлов және РФ СІМ А.Горчаков атындағы естелік медальдарымен, Женева Университетінің «Академикус» грамотасымен, сондай-ақ, С.Н.Рерих атындағы естелік медалімен марапатталған. Орыс Биографиялық қоғамы Қ. Тоқаевты "Жыл адамы - 2018" лауреаттарының тізіміне енгізген.

Ол қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік біледі, француз тілін біледі.

Жаңартылған күні: 06.02.2021 12:29
Құрылған күні: 19.04.2021 13:22

Текст