«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ  ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ  №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»    КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

СоцСети


«    Маусым 2022    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық - педгогикалық түзету арқылы қолдау көрсету жөніндегі қызмет

 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРFА ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТ

9-бап. Кемтар балаларға медициналық, арнаулы бiлiм беру және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн ұйымдар

      1. Медициналық қызметтерді профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді.

      2. Медициналық қызметтерге:

      1) "қатер" (скрининг) тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жас сәби балаларды жаппай стандартты тексеру;

      2) туа бiткен, тұқым қуалаған және жүре пайда болған патологияның тереңдетiлген диагностикасы;

      3) психика-дене дамуында ауытқулары бар балаларды медициналық түзеу және оңалту;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлетiн өзге де қызметтер жатады.

      3. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы бiлiм беру қызметтерiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен арнаулы ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, оңалту орталықтары, логопедтiк пункттер, балалар бақшалары және басқа да білім беру ұйымдары көрсетедi.

      4. Көрсетілетін арнаулы білім беру қызметтеріне:

      1) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында балаларды тереңдетіп және кешенді зерттеп-қарау;

      2) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау;

      3) арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқыту және тәрбие беру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін өзге де қызметтер жатады.

      5. Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететiн ұйымдар болып табылады.

/public/files/2021/10/13/131021_155342_z02000034326-06-2021kaz.pdf

Жаңартылған күні: 13.10.2021 15:53
Құрылған күні: 13.10.2021 16:03

Текст