« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Ақпан 2023    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Авторлық жоба жұмысын әзірлеу – педагог тәжірибесінің нәтижесі» онлайн вебинары өтті

2023 жылдың 5 қаңтарында озық тәжірибелі педагогтердің әдістемелік тұрғыдағы нәтижелерін насихаттау, педагогтерге әдістемелік әзірлемелерді дайындау жолдары мен талаптарын таныстыру мақсатында «Авторлық жоба жұмысын әзірлеу – педагог тәжірибесінің нәтижесі» онлайн вебинары өтті. 
Вебинар жұмысына Қоянды ауылы №1 ЖОББМ, Қызылсуат ауылы ЖОББМ, Шұбар ауылы негізгі орта мектебі, Опан ауылы негізгі орта мектебі серіктес мектептерінің педагогтері мен мектебіміздің ұстаздарынан 52 адам қатысты. 
Жұмыс барысында мектебіміздің психолог маманы А.О.Мадышеваның жүргізуімен  педагогтерден С.Деллингердің «Психогеометриялық тесті» алынды.
Шығармашылық топ мүшелері Л. Тегисхан мен А.Г.Жароева «Авторлық жоба мен әдістемелік құрал айырмашылығы» топтық жұмыс тренингін ұйымдастырды.
Жетекші мектеп координаторы  А.М. Алматова «Әдістемелік әзірлемелер түрлері мен талаптары» тақырыбында баяндама жасап, педагогтерге әдістемелік әзірлемелерді дайындау жолдары таныстырды.
Вебинар мақсатына сәйкес озық тәжірибелі ұстаздарымыз С.Е.Жадрасинова («Математикалық сауаттылық»), Ұ.Дауыл («Логикалық тапсырмалар арқылы оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыру»), Б.Серикбай  («Үй іргесіндегі телім») өздерінің әдістемелік әзірлемелерінің нәтижелерін ұсынып, семинар қатысушыларына көптеген кеңестерін берді.

      

Жаңартылған күні: 17.01.2023 15:01
Құрылған күні: 17.01.2023 16:05

Текст