« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Наурыз 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып мұғалімі, 16 сағат.

 Ақмола облысы Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орынға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қоянды ауылы, Жібек жолы көшесі, 167, мекен жайы бойынша орналасқан,  телефон 8 716 51 79 0 26., +77786035050, +77011218553. mektep_2020g@mail.ru.
  2. Бастауыш сынып мұғалімі, 16 сағат. Жалақы мөлшері – 150 000-250 000 (сағат жүктемесіне, біліміне және санатына байланысты)
  3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

- жоғары немесе арнайы орта педагогикалық білімі;

- оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-педагогтың біліктілік санаты (болған жағдайда)

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 08- 16.08.2022ж.
  2. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады:

    1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 Бұйрығы 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

   2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

   3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

   5)   Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

   6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

   7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

   8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

   9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

   10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

  1. Бос лауазымының мерзімі – еңбек шартына сәйкес.

 

Ескерту: Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 Бұйрығы  109- тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

         Осы лауазымға орналасқан адамға көтерме ақы төленуі, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілуі «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес жергілікті атқару органымен қарастырылатын болады.

жүктеу 
 

Жаңартылған күні: 08.08.2022 23:27
Құрылған күні: 26.10.2022 10:26

Текст