Текст
Бүгін мектебімізде "Қыран" дебат клубының ұйымдастырылуымен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында дебат өткізілді. Дебатқа мектебіміздің белсенді дебатшылары қатысты.
Қатысушылар:
Жанболат Абдрахман
Амангелдіқызы Нұрайлым
Бодаубайқызы Аружан
Адал Кербез.
Қазіргі таңдағы оқушылар мен балалардың құқығы ең ауқымды тақырып. Оқушылар тақырыпты қазіргі таңмен ұштастыра отырып, белсенді алып шықты. Парламентария тарапынан дебатқа қатысты ұшқыр ойлар айтылды. Дебат жүйелі ақпараттар мен өзекті ойлар қатысуымен сәтті өтті!