Текст
2023 жылдың 9-наурызында мектебімізде 7-11 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың Республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру,ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, оларға қолдау көрсету. Байқауға 24 оқушы қатысып өз жобаларын ұсынды. Талапқа сай орындалған жұмыстар байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алды. Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті, дарынды оқушыларымызға тек сәттілік тілейміз!