Текст
Мектебімізде"Адал Ұрпақ” "Жас сарбаздар" клубтарының ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында қауіпсіздік ережелеріне байланысты жиналыс өткізілді. Жиын барысында ИДН, полиция капитаны Каримов Р.С. оқушыларға көктемгі су тасқыны, жол ережесі, түнгі уақытта үлкендерсіз көшеде жүрмеуі, Блім және ғылым министрлігі мектепке кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімімен, сонымен қатар "PMC Redan" деп аталатын жасөспірімдер арасында жаңа қозғалыстың құрылғаны және оның қылмыстық топ екендігі туралы ақпарат берді.