Текст
«Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік хаты мен Қоянды аулының №2 ЖОББМ директорының 2023 жылдың 3 сәуіріндегі №57/1 бұйрығы негізінде 3.04-28.04.2023 аралығында мектеп тренелерінің ұйымдастыруымен "Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу" 80 сағаттық мектепішілік біліктілікті жетілдіру курсы өткізілді. Курс тренерлері ретінде сертификатталған 6 тренер – Алматова А.М., Дамысқан Р., Тегисхан Л., Укай А., Тохай С., Көшкінбай Б.Қ. тағайындалып, 72 педагог курстан өтті.